Әкімгер +7 7212 41-01-37
Қабылдау +7 7212 41-29-59
И. КАЛЬМАН

«СИЛЬВА»

23 февраля 17.00 ДКГ

Оперетта  в  2-х действиях

Ары қарай оқу
Л.Лайтаи

ЛЕТО ЛЮБВИ

21 февраля 18.30 ДКГ

Оперетта в 2-х действиях

Ары қарай оқу

«МЕНІҢ КЕРЕМЕТ ХАНЫМЫМ»

«МОЯ ПРЕКРАСНАЯ ЛЕДИ» -

«МЕНІҢ КЕРЕМЕТ ХАНЫМЫМ»

Ф. ЛОУ

 2 актілі мюзикл

Либретто - А. Дж. Лернер

Премьерасы 2019 жылы 20 сәуірде өтті.

Ұззақтығы - 2 сағ.

 

ҚОЮШЫ ТОП:

Режиссер   -  Е. Пермякова

Дирижер    -  Р.Хамзин

Суретші  -  Л.Сидельникова (Беларусь, Минск)

Балетмейстер    -  А.Дорофеев (Ресей, Санкт-Петербург)

Хормейстер  -   «Кұрмет» орденінің иегері   Т.Штыкова.

 

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

«Менің керемет ханымым” мюзиклдің отаны – Америкада 1956 жылы пайда болды. Композитор Фридериком Лоу  шығарманың негізіне Бернард Шоудың айтулы  “Пигмалион” пьесасын алған.  Лоу өзінің қашанда жарқын да, әуенді музыкасымен  пьесаны лирико-комедиялық жанрға жақындатады, кейбір ирониялық тұстары өткен ғасырдың басына қарай жетелейді. Әдебиет саласы бойынша берілетін Нобель сыйлығынан бас тартқан Бернард Шоу, грек аңызындағы Пигмалион және Галатея туралы жазған. Оның сюжеті бойынша фонетиканың асқан білгірі профессор Хиггинс кез-келген қарапайым жанды зиялы қауымнан ажырата алмайтындай етіп оқытып шығарамын деп дауласады. Таңдау бетімен кткен гүл сатқыш Элиз Дулиттлға түседі, шынында ол  еш міні жоқ, ханымға айналады. Классикалық тақырыпқа вариациялар әдетте табысты болады, ал мына шоу 1956 жылы 15 наурызда бродвейде өткен премьерадан кейін бас айналдырарлық табысқа жетті. Екі жылдан кейін премьера Лондонда өтті. Мюзикл әлемнің жиырмадан астам елінде қойылып, 11-ден астам тілдерге аударылған. Музыка авторы Фредерик Лоу мен мәтінін жазған Алан Джей Лернер осыншалықты табысты болады деп ойламаған да.

 

 ҚОЙЫЛЫМ МАЗМҰНЫ

   «Менің керемет ханымым» гүл сатушы Элиза Дулиттлдің тарихы. Ол Пикерингпен өзін мінсіз сөйлейтін, тәрбиелі, тәртіпті зиялы қауымның ханымы етіп шығарамын деп, бәстескен профессор Хиггинсті кездестіргенге дейін көп көзге түсе бермейтін жалғыздық жағдайындағы қарапайым жан болатын. Күні туғанда Элизаны ағылшын патшайымының алдына апарып таныстырады.  Мюзиклдің басты кейіпкері -  кәдімгі лондондық гүл сатушы, Тоттенхем-Корт-роудтағы кедей аумақта дүниеге келген. Ол тәрбие көрмеген, білім алмаған.  Оның профессор, фонетик Хиггинспен кездесуі не берер екен? Алайда «адамның ойлағаны емес, Алланың дегені болады» ,демекші, профессорды таңқалдырып, барлық жайтт оның бақылауынан шығып кетеді.

© 2019 Карагандинский академический театр музыкальной комедии
Яндекс.Метрика