«СЕРДЦЕ КОРСИКАНКИ» -
«КОРСИКАНКАНЫҢ ЖҮРЕГІ»
О.Штраус
2 актілі оперетта
Либретто Л.Гуревич, Н.Адуев
Авторлық редакция С.Цирюк
Премьерасы 2012 жылы 7 қыркүйекте болды.
Ұзақтығы: 2сағ. 20мин.
ҚОЮШЫ ТОП:
Дирижер - Халықаралық конкурстардың лауреаты
Антон Торбеев (Ресей, Санкт-Петербург)
Режиссер – «Алтын маска» иегері,
Халықаралық сыйлықтардың лауреаты
Сусанна Цирюк (Ресей, Санкт-Петербург)
Балетмейстер – Елена Дмитриева-Лавринович (Беларусь, Минск)
Суретші - «Квадриеннале» лауреаты
Любовь Сидельникова (Беларусь, Минск)
Хормейстер – «Кұрмет» орденінің иегері Татьяна Штыкова
ТАРИХИ АНЫҚТАМА
1907 жылы Оскар Штраус лкгар шығармаларымен бәсекелес алатын «Грезы вальса» опереттасын жазады. Композитор мұнда веналық қала фольклорын, әсіресе вальсті кең қолданған. Оскар Штраусты өз оперетталарын вальске құрған ең соңғы веналық композитор деуге болады.
ҚОЙЫЛЫМ МАЗМҰНЫ
Оқиға 1799 жылы болған. Граф Дидье Лавалетт Францияға оралады, келісім бойынша ол 24 сағаттың ішінде кедей қызға үйленуі тиіс. Олай болмаған жағдайда елді де көре алмайды, өз мүлкін де қайтара алмайды, өміріне де қауіп төнуі әбден мүмкін. Дәл осы уақытта Фрейжюске опера қоюға кезбелер труппасы келеді. Театр құрамында айрықша әдемі дауысты жас актриса Тереза бар еді. Олар орталық алаңда елді қойылымға шақыра бастайды. Труппа директоры Россиньоль актрисаға спектакльге билет сатқызады. Жас актрисаны көрген бойда Лавалетт менің әйелім бол деп өтінеді. Бұл кезде жұмыс іздеген Даниель де қалаға келген еді.
Ол өзінің цирюльник екенін айтады. Көшеде Даниель билет сатып жүрген бөлесі Терезамен кездесіп қалады.Тереза жанына өтіп бара жатқан генерал мен оның көмекшісі лейтенант Лувеге билет сатпақшы болады. Генерал Лувеге аттарды тап дейді. Генералдың ұшып кеткен шляпасын Тереза жерден алып береді. Генерал да, Тереза да жерлестер -екеуі де корсикандық. Бонапарт жомарт, ол Терезаға алғыс білдіреді. Тереза алғашқы клиент іздеп жүрген цирюльник-шаштараз Даниельдің қызметін ұсынады. Даниель Бонапарттың шашын алады, ал оған жаңа шаш үлгісі онша ұнай қоймайды. Граф Лавалетт Терезамен неке контрактына қол қояды. Кейіннен генералмен кездескенде оған 20 луидор береді, болашақ Наполеон қарсылық білдірмейді. Лавалетт Терезаға неке контарктының жарты бетін қалдырып, генералмен бірге кетеді.
Әрі қарай біз осы кейіпкерлермен 7 жылдан кейін кездесеміз... Лавалетт пен Терезаның неке контаркты жұмбақ жағдайда Наполеонның қалпағында болады. Ал Тереза театрдың примадоннасы, әйгілі Терезина атанған. Наполеонның әпкесі- Боргезаның әйелі Даниелге қылмыңдайды. Даниелдің көңілі Терезинада, дегенмен де әншіні Наполеонның ұнатып қалғанын біледі де жолына тұрғысы келмейді. Алайда Наполеонның өз қалпағы ғашықтардың тағдырына кері әсер етті: бір кезде оларды ажыратқан қалпақ енді Лавалетт пен Терезинаны қосады, өйткені онда граф пен әншінің некесін айғақтайтын қағаздың жартысы сақталған еді. Әлемдегі әдемі жер -Корсиканың даңқы артып, ғашықтар бақытқа кенеледі.