И. ШТРАУС
«ЦЫҒАН БАРОНЫ»
3 актілі оперетта
Либретто: В. Шкваркин
Спектаклдің премьерасы 1988 жылы 30 маусымда өтті.
Ұзақтығы 2 сағ. 50 мин
ҚОЮШЫ ТОП:
Режиссер - Б. Бруштейн
Дирижер - В. Крестенко
Суретші - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М. Бәйкенов
Балетмейстер - А. Курбатов
Хормейстер - Е. Кулакова
ТАРИХИ АНЫҚТАМА
«ЦЫҒАН БАРОНЫ»- композитор И.Штраустың премьерасы 1885 жылы 24 қазанда «der Wien» театрында өткен опереттасы. Оперетта кең таралған танымалдығы жағынан «Летучая мышь» шығармасынан кейін екінші орында тұрған оперетта. Штраус музыкасының үндестігі мен табиғаты бұл сахналық қойлымды комедиялық та, лирикалық та опера деп қарауға мүмкіндік береді.
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ МАЗМҰНЫ
Оқиға ХVIII ғасырда Венгрияда болады. Бұл жерге иелік ететін жігіт пен түрік пашасының қызы ретінде көрінген цыған қызының әдемі махаббат тарихы. «Цыған баронының» кейіпкерлері жеңілтек персонаждар емес, еркін де мақтанды сүйетін - Сандор Баринкай, Саффи. Ел аралаған саяхатынан туған жерге оралған барон Шандор Баринкай цыған сұлуы Саффиге ғашық болады. Алайда Саффи цыған емес, өзінің немере туысы, белгілі граф әулетінің бай мұрагері. Адами қасиет пен нағыз махаббат ақымақтық пен мақтангерлікті жеңеді. Вальс, полька, чардаш ритмдері, сондай-ақ цыған мен венгер әуендері баурап алады, мәңгілік көктем мен тұрақты махаббатқа үміт пен сенім сыйлайды.