И. КАЛЬМАН
«СИЛЬВА»
2 актілі оперетта
Либретто: Л. Штейн, Б. Йенбах
Спектаклдің премьерасы 2005 жылы 6 маусымда болды.
Ұзақтығы – 2 сағ. 20 минут.
ҚОЮШЫ ТОП
Режиссер - РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері
Юрий Александров (Ресей, Санкт-Петербург)
Дирижер, музыкалық жетекші - РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері
Сергей Ферулев (Ресей, Челябі)
Балетмейстер - Марина Лепилина (Ресей, Мәскеу)
Сценография мен костюмдер – РФ еңбек сіңірген суретшісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Вячеслав Окунев (Ресей, Санкт-Петербург)
Бас хормейстер - Татьяна Штыкова
ТАРИХИ МӘЛІМЕТТЕР
Венгер композиторы И.Кальманның бұл опереттасы 1915 жылы жазылған. Премьерасы 1915 жылдың 17 қарашасында Венадағы «Иоганн-Штраус театрында» өтті. «Королева чардаша» деген атаудан басқа, неміс тілінен тіке аударылған— «Княгиня чардаша» деген атау да кездеседі. Опереттаның Ресейдегі ең бірінші қойылымы Германиямен соғыс (1916) жүріп жатқан уақытта болды, сондықтан да опереттаның атауы да, кейбір кейіпкерлердің аттары да өзгертілді. Содан бері Совет Одағында және Ресейде қойылымның көпшілігі «Сильва» деген атпен қойылып келеді. Әндердің орсы тіліндегі мәтінінің авторлары — В. С. Михайлов пен Д. Г. Толмачев.
ҚОЙЫЛЫМНЫҢ МАЗМҰНЫ
Будапешт. Мюзик-холлдың сахнасында және шымылдық сыртында. Гастролге кетер алдында көпшіліктің сүйікті әншісі Сильва сахнада. Оның ғашығы офицер-аристократ Эдвин кетпеуін өтінеді, Сильва екеуінің некелесуі мүмкін емес деп есептейді. Князь Эдвин тура сегіз аптадан кейін Сильвамен некеге отырамын деген міндеттеме жазады. Эдвин полкқа кеткен соң Сильва оның графиня Стассимен атастырылғанын біледі. Князь Воляпюктің Венадағы сарай үйіндегі бал залы. Эдвин мен Стассидің атастырылғанын жариялайтын күні Эдвиннің досы граф Бони Кончиану Сильваны Воляпюктің үйіне аристократка әйелім деп алып кіреді. Өтірік ашылып қалады. Ғашықтар ренжіседі. Қонақ үйдің вестибюлі. Сильва сахнадан кетпекші болады. Бони Стассиге деген махаббаты үшін Эдвин мен Сильваның кездесуін ұйымдастырмақшы. Қайта кездескен ғашықтар сезімдерін жасыра алмайды. Олар тағдырларын біріктіретін болып шешеді.