А. АДАН
2 актілі балет
Либретто - Т. Готье, В. де Сен-Жоржа
Хореография- Ж. Перро, Ж. Коралли, М. Петипа
( Г.Гейне айтқан аңыз бойынша)
Премьерасы 2005 жылғы 23 наурызда өтті.
ҚОЮШЫ ТОП:
Балетмейстерлер - Турсынбек Нуркалиев, Галия Бурибаева
Дирижер - Абзал Мухитдинов
Сценография - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәлік Бәйкенов
Костюмдер суретшісі - Галия Бурибаева
ТАРИХИ АНЫҚТАМА
Француз композиторы Адольф-Шарль Адан (1803-1856жж.) - романтикалық балеттің негізін қалаушылардың бірі. Ол 60 опера және балет партитураларын жазған. «Жизель» балетінің премьерасы 1841 жылы 28 маусымда Париждегі Гранд-Опера сахнасында болып, аса үлкен табысқа жетеді. 1884 жылдан бастап, Петербургте балеттің жаңа қойылымы Мариус Петиптің хореографиясымен қойылып келеді, ол «Жизелдің» хореографиялық мәтінінің редакторы болған.
ҚОЙЫЛЫМ МАЗМҰНЫ
БІРІНШІ АКТ
Граф Альберт шаруаның қызы Жизельге ғашық болады. Өзін танып қоймас үшін ол шаруаның көйлегін киіп алады. Орманшы Ганс Жизельге Альберттің өзін алдап жүргенін түсіндіруге тырысады. Аңшылар пайда болады. Олардың арасында графтың қалыңдығы мен әкесі болады. Аңшылар кетеді. Ганс Альбертті алдамшы деп айыптап, дәлел ретінде графтың шпагасын көрсетеді. Жизель сенбейді. Ганс дабыл қаққанда графтың алдында қалыңдығы пайда болады. Күтпеген соққыдан есеңгіреп қалған Жизель ақылынан адасып, салдарынан қайтыс болады.
ЕКІНШІ АКТ
Түн жарымы. Ганс Жизелдің басына келеді. Мирта, виллистердің бұйрықшысы, моладан Жизельдің рухын шақырып, виллистердің хорына қоспақшы. Виллистер – күйеуге тимей, тойға дейін өлген қыздардың жаны. «Олар той көйлегін киіп, гүлдермен көмкерілген, ...керемет сұлулар айдың жарығында асқан құштарлықпен би билейді. Олар билеген сайын өздеріне берілген уақыттың өтіп бара жатқанын, қараңғы көрге, суық молаға қайта кіретін сәт жақындап келе жатқанын сезген сайын билей түседі...» (Г. Гейне). Виллистер Гансты да билеуге мәжбүрлейді, оны айнала қоршап алады да, билеп жүріп, көлге лақтырып жібереді.
Жизельдің зираты басына граф Альберт келеді. Мирта оған билеуге бұйрық береді. Жизель Миртадан Альбертті босатуын өтінеді, алайда виллистер қайтар емес. Жарық түсіп келеді. Күн шыққанда виллистер күшін жоғалтады. Альберт құтқарылды. Жизель ғашығымен қоштасады. Бірақ та ол Альберттің санасынан ешқашан шықпайды, онда жоғалған махаббат туралы мәңгілік өкініш бар, ол өлімнен де мықты махаббат болатын.