ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ «КУКЛЯНДИЯ» VI АШЫҚ ФЕСТИВАЛІ
2024 жылдың 30 мамырынан 2 маусымына дейін «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» КМҚК Қызыл зал сахнасында «Кукляндия» қуыршақ фестивалі өтеді.
Фестивальдың мақсаты: қуыршақ театрларының әлемдік өнерінің үздік жетістіктерін дәріптеу, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту; Қарағанды облысында заманауи театр ортасын қалыптастыру; әр түрлі жас топтарын қамти отырып, театрдың көрермендер аудиториясын кеңейту; театр ортасында кәсіби байланыстарды құру және нығайту; режиссерлердің, актерлердің, суретшілердің, бутафорлардың кәсіби деңгейін арттыру.
Фестиваль ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» КМҚК.
Қатысушылар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Эстония, Қытай (Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Екатеринбург, Бұхара, Йыхви, Гонконг қалаларынан) 8 театрдың 9 қойылымы ұсынылады.
Фестиваль бағдарламасы:
30 мамыр
11.00 - «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» КМҚК (Қарағанды, Қазақстан) – «Золотой петушок» - қуыршақ музыкалық ертегісі, 50 мин., 5+ («Буратино» театр студиясының сахынасы).
15.00 – баспасөз конференциясы (Кеншілер Мәдениет сарайы) салтанатты залы.
16.00 –Қуыршақ театрларының «Кукляндия» VI ашық фестивалінің салтанатты ашылуы. (Қызыл зал)
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры. (Қызылорда, Қазақстан) – «Кішкентай ханзада», қазақ тіліндегі қуыршақ ертегісі, 50 мин., 10+ (Қызыл зал).
31 мамыр
11.00 – «Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры» КМҚК (Қарағанды, Қазақстан) - «Керік пен Мүйізтұмсық», қазақ тіліндегі қуыршақ ертегісі, 50 мин., 6+ («Буратино» театр студиясының сахынасы).
16.00- Бұхара облыстық қуыршақ театры (Бұхара, Өзбекстан) - «Когда зажигаются звезды», лирикалық сөзсіз мелодрама, 40 мин.,10+ (Қызыл зал).
01 маусым
11.00- Sky Bird Puppet Group (Hong Kong, China) - «Show Chinese Tradition (дәстүрлі шоу)», қуыршақ шоуы, 50 мин. 2+ (Қызыл зал).
11.00 - Tuuleveski Theater (Йыхви, Эстония) - «Красная шапочка», трагикомедия, 40мин. 0+ («Буратино» театр студиясының сахынасы).
16.00- Шымкент қалалық қуыршақ және Жас көрермен театры «Бразилия байлығы» (Бразилия қазынасы), қазақ тіліндегі қуыршақ ертегісі, 40 мин., 2+ (Қызыл зал).
02 маусым
10.30 - «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» КМҚК (Қарағанды, Қазақстан) – «У меня зазвонил телефон» - балаларға арналған интерактивті ертегі, 45 мин., 2+ (Радужный зал).
11.00- «ТОХОТ» көлеңкесін жандандыратын суретшілердің театр бірлестігі (Екатеринбург, Ресей) - «Аладдин», құм анимациясы бар көлеңкелі қуыршақтар туралы ертегі, 50 мин.,6+ (Қызыл зал).
17.00- Қуыршақ театрларының «Кукляндия» VI ашық фестивалінің салтанатты жабылуы. (Қызыл зал)
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!