21-22 наурыз күндері «Буратино» қуыршақ театр-студиясында «Золотой петушок» қуыршақ ертегісінің премьерасы болады. Санкт-Петербургтен келген шығармашылық қайраткерлер: композитор Алла Белова, қоюшы-режиссер-Нелля Ляхова, қоюшы-суретші-Алла Люлько ҚАМКТ мен қарағандылық көрермен үшін эксклюзивті қойылым дайындап жатыр. Ұзақтығы бір сағатқа жетпейтін қуыршақ ертегісінің әзірлігіне ұжым түгел қатысуда.
Алла Белова арнайы жазған музыканың партитурасымен театрдың бас дирижері Рафаэль Хамзин басқарған Симфониялық оркестр дайындалу үстінде. Қоюшы-суретші Алла Люлько студенттік шақтан шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік берген ҚАМКТ ризалығын білдіреді.
Ертегі кейіпкерлерінің костюмдері мен декорция ғажайып түспен көмкерілген, олардан режиссер мен актерлердің жұмысын анық байқауға болады.
“Алтын қораз”-“Золотой петушок” оқиғасы балаларға тағылым беретін, жомарттық пен сараңдық, жақсылық пен жамандық туралы хикая.